еспубликалық маңызы бар қалаларда коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдаулар өтті

еспубликалық маңызы бар қалаларда коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдаулар өтті

2020 жылғы 4 ақпанда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша өңірлік департаменттері коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдаулар өткізді.

          Елордада тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы табиғи монополиялар субъектілері, БАҚ және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өтті.

         Қабылдауға Нұр-Сұлтанның 4 тұрғыны өтініш білдірді, олардың сұрақтары негізінен жылу, ыстық сумен қамтамасыз ету үшін ақы төлеуге, сондай-ақ есептеу құралдары болмаған жағдайда тұтыну нормаларына қатысты болды.

         Шымкент тұтынушыларын табиғи монополиялар субъектілері, «Nur-Otan» партиясы қалалық филиалының, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қарсы алды.

         Оңтүстік қала тұрғындарының сұрақтары газды есепке алу құралдарының жоғары көрсеткішіне, газды қосудың техникалық шарттарын алу проблемалары, суды заңсыз пайдалану және басқа да мәселелер қатысты болды.

         Нақты шешуді талап ететін мәселелер уәкілетті орган бақылауға алды, ал қалған мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

          Қабылдау барысында жұртшылық газ тұтыну нормаларын қайта қарау жөнінде ұсыныстар айтты, оған департамент басшылығы газ тұтыну нормаларын бекіту жөнінде қала әкімдігіне хат жіберілгені туралы хабарлады.

      Алматыда қоғамдық қабылдау барысында азамат К. С. Сегізбаев сөз сөйледі, ол электр энергиясын есепке алу құралын ауыстырғаннан кейін үш ай бойы ақы төлеуге артық шоттар келе бастағанын хабарлады.

Сонымен қатар, «Абылай хан» ӨК төрағасы О. В. Субботина қатысушыларға тұтынылатын жылу энергиясын есепке алу кезіндегі проблемалар туралы, атап айтқанда көрші пәтерлерді төлеуге арналған шоттар арасындағы елеулі айырмашылықтар туралы айтып берді.

Аталған мәселелер бойынша 2020 жылдың 7 ақпанына дейін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның және «АлатауЖарықКомпаниясы» АҚ-ның қызметкерлері себептерін анықтау және кейін қателері болған кезде жоюдың тиісті шараларын қабылдайды.

Ал О. В. Субботинаның мәселесі бойынша 2020 жылдың 7 ақпанына дейін «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның өкілдері «Абылай хан» ӨК-ның өкілдерімен бірлесіп, элеваторлық тораптарға тексеру жүргізеді, қажет болған жағдайда себептерді жою бойынша шаралар қабылдайды.

         Содан кейін С. Дружинина азаматшасы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның тарифтік сметасында көрсетілген шығындарға қатысты сөз сөйледі, оған департамент қызметкерлері тиісті түсініктемелер берді.     

         Осындай қоғамдық қабылдауларды уәкілетті орган табиғи монополия субъектілерінің тариф белгілеу мәселелері бойынша халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында жүргізетінін атап көрсету қажет, бұл ведомство атына келіп түскен шағымдардың санын қысқартуға мүмкіндік беруі тиіс.

         Комитет департаменттерінің қызметкерлері шалғай аудандар мен ауылдық округтерге азаматтар үшін осындай қабылдауларды өткізу және әрқайсысын тыңдау үшін барады.

         Бұл күні қоғамдық қабылдаулар Алматы облысының Қарабұлақ кентінде, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында, Қызылорда облысының Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының Ақтау қаласында, Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында және Атырау облысының Атырау қаласында өтті.