Қызылорда тұрғындары үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

Қызылорда тұрғындары үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

2020 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында тұрғындардың туындаған жеке сұрақтарын шешу мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау барысында Қызылорда қаласының тұрғындары Қ.Құдайбергенова мен Н.Ишанбекова жұмысқа орналастыру мен материалдық ауыр жаңдайларына байланысты көмек беру бойынша жүгініп, оларға тиісті түсіндірмелер берілді.