
2020 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар су» ЖШС, «Петропавл Жылу жүйелері» ЖШС, «СҚ ЭЖК» АҚ, «Севказэнергосбыт»ЖШС, ООТЖ «Петропавл бөлімі» атты табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, коммуналдық саланың мәселері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізді.
Қоғамдық қабылдау барысында коммуналдық қызмет тұтынушылары неге банк терминалдары арқылы коммуналдық төлемдерді уақытында төлесе де төлемдерді кешіктіргені туралы хабарлама алатыны туралы сұрады, электэнергиясына есептеу жүргізу, электр энергиясынан ажыратылғанына қатысты сұрақтарын қойды.
Азаматтарды қабылдауға жүгінгендердің барлық сұрақтарына табиғи монополиялар субъектілерінің мамандары және Департамент басшылығымен нақты түсіндірмелер берілді.
Келесі қоғамдық қабылдау 2020 жылғы 3 наурызда Петропавл қ. Парковая көшесі 57В мекенжайында өтеді.
Осыған орай, ТМС-ның реттеліп көрсетілетін қызмет тұтынушыларын қабылдауға шақырамыз.