
2020 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен, табиғи монополиялар субъектілерімен «Қарабұлақжылу» МКК-мен, «Ескелді Су құбыры» МКК-мен бірлесіп, реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тұтынушылардың кезекті қабылдауын өткізді.
Тұтынушыларды қабылдау барысында сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жөнінде сұрақтар қойылды.
Қабылдауға 20 адам қатысты.
Барлық түскен сұрақтарға Департамент басшысының орынбасары Думан Қалибеков толық жауап берді.