
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Дәулетэнерго» ЖШС-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағалардың жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдаулар:
- 2020 жылдың 14 ақпанында сағат 11-00-де мына мекенжайда өтеді - Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Төле би көшесі, 35 («Дәулетэнерго» ЖШС-нің Қазалы филиалының ғимараты);
- 2020 жылдың 14 ақпанында сағат 15-30-де мына мекенжайда өтеді - Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, 56 (З.Шүкіров атындағы мәдениет үйі).
Жария тыңдауға қатысу үшін депутаттар, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тұтынушылар шақырылады.
Анықтама телефоны: 8 (7242) 27-79-74.