
2020 жылғы 31 қаңтарда Степногорск қаласында жылумен және электрмен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Степногорск Энергосбыт» ЖШС-ның объектілерінде баспасөз-тур өтті.
Баспасөз-тур Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Нурлан Джалгасбаевтың қатысуымен өтті.
Баспасөз-тур барысында «Степногорск Энергосбыт» ЖШС директоры Нұрлан Қанатқалиұлы Шалекенов 2018-2019 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы баяндады.
Басқарма бастығы Нурлан Джалгасбаев БАҚ өкілдерін кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырудағы сұрақтарына жауап берді.
Айта кету керек, «Степногорск Энергосбыт» ЖШС-ның жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі 2018, 2019 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы «Степногорск Энергосбыт» ЖШС-ның 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында Ақмола облысы комитетінің департаменті 1130,5 мың теңге сомасында мақұлданған.
Инвестицияның басым бағыттары:
- жұмыстың сенімділігін арттыру;
- негізгі құралдарды жаңарту.