Атырау облысының департаментінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері семинар өткізді

Атырау облысының департаментінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері семинар өткізді

2020 жылғы 31 қаңтарда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) енгізілген өзгерістер бойынша семинар өткізді.

Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар семинарда жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау және 2019 жыл үшін жеке табыс және мүлік салығы декларациясының (230.00 нысанды) толтыру тәртібі туралы жалпы ақпарт бойынша баяндалды.