Теміртау тұрғындары үшін қоғамдық қаыблдау өткізілді

Теміртау тұрғындары үшін қоғамдық қаыблдау өткізілді

2020 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды  облысы бойынша департаменті «Окжетпес» ЖШС, «Окжетпес-Т» ЖШС, «Аква Трейдинг», «Темир газ» ЖШС табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, Қарағанды облысының Теміртау қаласында, көрсетілген субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет тұтынушыларын қабылдау өткізді.

Қабылдауға «Нұр Отан» партиясының Теміртау қалалық филиалының және жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты.

Қабылдауға 5 тұтынушы жүгінді, сұрақтар жылу, электр энергиясын есептеу құралдарына және су шаруашылығы жүйесіне қатысты; электр энергиясы үшін түбіртектердегі есептеулер бойынша; Теміртау қаласының әкімдігімен бекітілген суды тұтыну нормасы бойынша болды.

Азаматтарды қабылдауға жүгінгендердің барлық сұрақтарына табиғи монополиялар субъектілерінің мамандары және Департамент басшылығымен нақты түсіндірмелер берілді.