Ақмола облысының Степногорск қаласында қоғамдық қабылдау өткізілді

Ақмола облысының Степногорск қаласында қоғамдық қабылдау өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 31 қаңтарда Ақмола облысының Степногорск қаласындағы Нұр Отан партиясының қалалық бөлімінде коммуналдық қызметтер тұтынушыларын қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қоғамдық қабылдауға қала әкімінің орынбасары, «Nur-Otan» партиясының қалалық филиалы тұрағасының орынбасары және табиғи монополия субъектерінің басшылары, қоғамдық кеңес және ауданның БАҚ өкілдері, сондай-ақ тұтынушылардың өздері қатысты.

Қоғамдық қабылдауды өткізу кезінде тұтынушылар табиғи монополия субъектілеріне қатысты ағымдағы мәселелер талқылады, оған сәйкес тұжырымды жауаптар беріліп, қаралған мәселелер бойынша сәйкесінше тапсырмалар жүктелді.