«Жолаушы» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

«Жолаушы» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жаңа объектілері Ақоба, Таловка ауылдарына суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік смета бекіту туралы өтінімі бойынша 2020 жылдың 30-31 қаңтар күндері Жәнібек ауданының Ақоба және Таловка ауылдарында жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдауда мемлекеттік органдардың өкілдері, тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Тариф жобасы туралы «Жолаушы» МКК-ның директоры А.М.Сарсенгалиев баяндама жасады.

         Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, шешім 2020 жылдың 13 ақпанында қабылданатын болады.