Тарифтік реттеушінің басшысы азаматтарды қабылдады

Тарифтік реттеушінің басшысы азаматтарды қабылдады

Бүгін, 2020 жылғы 3 ақпанда ҚР Ұллтық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев азаматтарды жеке қабылдады.

Тарифтік Комитеттің Төрағасына жүгінуге Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары келді, олар тұтынушылар арасында жиі қойылатын сұрақтар қойды.

Өтініш білдірушілердің мәселелері, оның ішінде электр энергиясының тарифтеріне және табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдеріне қатысты болды.

Мысалға, жеке кәсіпкер болып табылатын Ж. Нұрғожаев азаматы электр энергиясының бағасы неден қалыптасатынын және жарық тарифтерінің соңғы өсуі немен байланысты екенін сұрады.

А. Байжамуров азаматы монополистердің мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты сұрақтар қойды.

Қабылдау барысында ведомство басшысы әрқайсысын тыңдап, әр мәселе бойынша толық түсініктеме берді.

Қарау үшін қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді Асан Дарбаев жеке бақылауға алып, оларды жақын арада шешуге уәде берді.

Аталған қабылдаулар Комитеттің атына келіп түскен шағымдар мен өтініштердің санын қысқартуға мүмкіндік береді.