Петропавл қаласының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізіледі

Петропавл қаласының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізіледі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан РЭК» АҚ,  «Қызылжар су» ЖШС, «Севказэнергосбыт» ЖШС,  «Оңтүстік-Орал темір жолы» ФМБК» Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорны» табиғи монополия субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, көрсетілген субъектілердің қызметін тұтынушыларды жылу-, электр-, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру салаларының проблемалық мәселері бойынша қабылдау жүргізеді.

Қоғамдық қабылдау 2020 жылғы 4 ақпан күні сағат 15.00-мен 18.00 аралығында Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В», 347 кабинет мекенжайында өтеді.

Қабылдауға Петропавл қаласының тұрғындар мен басқада мүдделі тұлғалар шақырылады.

Толық ақпаратты 8 (7152) 53-37-26  телефоны арқылы алуға болады.