
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға жетекшілік ететін аудан әкімі, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, табиғи монополия субъектерінің басшылары, «Nur-Otan» партиясы, қоғамдық кеңес және ауданның БАҚ өкілдері, сондай-ақ тұтынушылардың өздері қатысты.
Қоғамдық қабылдауды өткізу кезінде тұтынушылар табиғи монополия субъектілеріне қатысты ағымдағы мәселелер талқылады, оған сәйкес тұжырымды жауаптар беріліп, қаралған мәселелер бойынша сәйкесінше тапсырмалар жүктелді.