2020 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Гүлмира Өтегенова Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қыдыркүл Құдабековамен бірге реттелетін коммуналдық қызмет тарифтерінің жағдайы туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысты.
Гүлмира Өтегенова жалпы алғанда, 2019 жылдың ішінде жылумен, сумен жабдықтау, сарқынды суды бұру, газбен және энергиямен жабдықтау қызметтерінің тарифтері төмендетілген болатынын айтты, атап айтқанда:
- жылумен жабдықтау тарифтері орташа 1,6-дан 3 пайызға дейін төмендетілді, оның ішінде тұрғындар үшін 10,9 пайызға дейін;
- сумен жабдықтау қызметіне тарифтер 8,3-тен 22,6 пайызға дейін;
- сарқынды суды бұру қызметіне тариф 11,4 пайызға;
- газбен жабдықтау қызметі бағасы тұрғындар үшін 1,3 пайызға;
- 3 энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясының бағасы жыл ішінде 1,3 пайызға дейін төмендетілді.
2019 жылы табиғи монополия субъектілерімен тарифті бекіту туралы 23 өтінім ұсынылып, оның ішінде:
16 өтінім бойынша - ұсынылған құжаттардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды;
6 өтінім бойынша тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілді:
жаңадан құрылған 3 субъектіге оңайлатылған тәртіппен бекітілсе («Қазсушар» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалының жаңа учаскесі, «Еңбек» РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы, «Туған ел келбеті» ЖШС),
3 субъектіге қолданыстағы тарифтен 34,6 пайыздан 74,1 пайызға дейін төмендетілді, атап айтқанда «Ермек ПЛЮС» ЖШС сумен жабдықтау қызметі бойынша - 43,1%-ға, «СЕАД Логистик» ЖШС кірме жолды ұсыну бойынша - 74,1%, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметі бойынша - 34,6%-ға.
Табиғи монополия субъектілерін өтінімдерін қарау және қоғамдық маңызы бар субъектілердің бағаларына жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша тұтынушылардың 8,3 млрд. теңге қаржысы үнемделді.
Сондай-ақ, Департамент жыл сайын тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламалары іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізеді. 2018 жыл қорытындысы бойынша жүргізілген талдау нәтижесімен 18 субъектіге 29 уақытша өтемдік тариф енгізіліп, тарифтері 0,1-ден 88,2 пайызға төмендеді және тұтынушыларға қайтару мөлшері 1,4 млрд.теңгені құрады.
2020 жылы тарифтердің өзгеруі бойынша айтатын болсақ, осы жылдың қаңтарынан бастап тұрғындар үшін жылумен, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру, газбен жабдықтау қызметіне тарифтер өзгеріссіз қолданыстағы деңгейде қалып отыр.
Сонымен бірге, Департаментпен «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның ұзақ мерзімді кезеңге 2020-2024 жылдарға сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру қызметтерінің тарифтері 2020 жылғы 9 қаңтарда бекітіліп, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілетін болады, атап айтқанда 1 текше метрге ҚҚС-мен :
- сумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін – 45,61 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 3,6 пайызға төмендетіліп, ал 2018 жылдың тарифімен салыстырғанда төмендеу 25,5 пайызды құрады;
- сарқынды суды бұру қызметіне тұрғындар үшін – 48,82 теңге немесе 9 пайызға төмендетіліп, ал 2018 жылдың тарифімен салыстырғанда төмендеу 19,4 пайызды құрады.
Бұл ретте айта кету керек, 2020 жылдың 1 наурызына дейін «Қызылорда су жүйесі» МКК-на сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізілген уақытша өтемдік тарифтер қолданылады.
Одан бөлек, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Департаменттің тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметініің бағасы 34,6 пайызға төмендету туралы шешімімен келіспей сот органына бұйрықтын күшін жою туралы талап арыз берді. Қазіргі уақытта сот өндірісі қозғалып, сотпен талап арыз қаралуда және осыған сәйкес бекітілген тарифтің қолданылуы тоқтатылды.
2020 жылы энергиямен жабдықтау қызметі бағасының өзгеруі күтілуде.
Өзгеруге негізгі себептер болып отырған Департаментке байланысты емес - ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен қабылданған электр станциялары бағаларының өсуі және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметі құны мен «КЕГОК» АҚ-ның және «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын беру бағаларының өсуі.
Осылайша, Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары тұтынушыларын электр энергиясымен жабдықтайтын қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Шиелі Жарығы» ЖШС-нің 2019 жылдың соңында энергиямен жабдықтау қызметінің жобалық орташа босату бағасының 2020 жылдың ақпанынан бастап 8,3 пайызға өсетіні туралы хабарламасын ұсынған болатын.
Осыған байланысты, Департамент «Шиелі Жарығы» ЖШС-нің қызмет көрсететін аудандарында 5 жария тыңдаулар өткізіп, онда айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды ескеріп, сараптама нәтижелеріне сәйкес облыс әкімдігімен келісіп, электр энергиясымен жабдықтау қызметіне бағасы 1кВт.сағатқа 18,55 теңге көлемінде, яғни қолданыстағы орташа босату тарифімен салыстырғанда 4,2 пайызға өзгеріп, келісілді, оның ішінде тұрғындар үшін баға 1кВт.сағатқа 17,49 теңге көлемінде немесе қолданыстағы бағамен салыстырғанда 43 тиынға өзгерді. 2020 жылғы 5 ақпаннан бастап енгізілетін орташа босату бағасы 2017 жылғы 1 қаңтардағы бағамен салыстырғанда 2,8 пайызға төмен екенін айту керек.
Соңында Департамент басышсы жалпы алғанда, уәкілетті орган әрі қарай да табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстарды жалғастыратынын атап айтты .