«ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ-нақатысты азаматтық іс Шымкент департамент пайдасына шешілді

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ-нақатысты азаматтық іс Шымкент департамент пайдасына шешілді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің 2019 жылғы 15 шілдедегі №14 Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының бұзылуын тез арада жою туралы нұсқамалары Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігіне қатысты мерзімдерді бұзғаны үшін Департаменттің нұсқамалары өз күшінде қалды.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ Шымкент қалалық азаматтық істер жөніндегі сот алқасына шағымданған.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі өзгеріссіз қалды.