ТМРК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы айтты

ТМРК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы айтты

Бүгін, а.ж. 22 шілдеде ҚР ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті басшысының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомство қызметкерлері арасында кезекті кеңес өтті.

Тарифтік реттеушінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша баяндамамен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты, ТМРК басшысының орынбасары Тимур Қосымбаев сөз сөйледі.

Тимур Қосымбаев өз сөзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу аясында ведомство атқарған жұмысынан бастады, содан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жадынамамен таныстырды.

«Комитет қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайдағы іс-әрекеттер тәртібін, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасағаны және оған көмектескені үшін жауапкершілікті түсіндіру мақсатында жадынаманы әзірледі. Бұл жадынама Комитеттің сайтында орналастырылады.»,- деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты.

Бұдан әрі баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық стандартына, менеджменті жүйесіне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша жобалардың орындалуын бағалау әдістемесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Тимур Қосымбаев аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне «Жасырын сатып алушы» әдісі пайдаланылатын, жұртшылықтың қатысуымен өңірлерде «Азаматтық бақылау» жобасы іске асырылып жатқанын еске салды.

Қорытындылай келе, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты баршаны арандатушылыққа берілмеуге және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті сақтауға шақырды, сондай-ақ департамент басшыларына олардың осы бағыттағы жауапкершілігі және қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын алу жұмыстарын күшейту туралы еске салды.