Шымкент қалалық азаматтық істер сот алқасының шешімімен «Бытие» АҚ-ның талап арызы бойынша бірінші инстанция шешімі күшінде қалды

Шымкент қалалық азаматтық істер сот алқасының шешімімен «Бытие» АҚ-ның талап арызы бойынша бірінші инстанция шешімі күшінде қалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бұйрығымен бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне «Бытие» АҚ-ның тұтынушылары үшін уақытша өтемдік тариф бекітті.

«Бытие» АҚ-ы Департаменттің уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы бұйрығын негізсіз деп, Шымкент қаласының апеллияциялық сотына шағымданған.

Алайда, Шымкент қалалық азаматтық істер сот алқасының шешімімен «Бытие» АҚ-ның талап арызы бойынша бірінші инстанция сотының уақытша өтемдік тарифтің заңды негізде бекітілгені туралы шешімі күшінде қалды.