Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушыларына қоғамдық қабылдау жүргізілді

Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушыларына қоғамдық қабылдау жүргізілді

2020 жылғы 28  қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар су» ЖШС,  «Петропавл Жылу жүйелері» ЖШС, «СҚ ЭЖК» АҚ, «Севказэнергосбыт» ЖШС базалық табиғи монополиялар субъектілерімен және «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облысытық филиалының өкілдерімен бірлесіп, коммуналдық саланың мәселері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қабылдауға келген тұтынушылардың сұрақтары электэнергиясына есептеу жүргізу, жылумен жабдықтау жүйелеріне қосылу, электрэнергиясын есептеу құралдарының көрсеткіштерін қабылдау тәртібіне, квитанцияларда көрсетілетін анықама ақпаратқа қатысты болды.

         Азаматтарды қабылдауға жүгінгендердің барлық сұрақтарына табиғи монополиялар субъектілерінің мамандары және Департамент басшылығы нақты түсіндірмелер берді.

         ТМС-мен бірлескен тұтынушыларды қабылдау әр айдың бірінші сейсенбі күндері жүргізіледі.

Осыған орай, ТМС қызметі бойынша толғандыратын сұрақтарына жедел жауаптар алу мүмкіндігі бар, ТМС-ның реттеліп көрсетілетін қызмет тұтынушылары қабылдауға шақырылады.