Департаментке «Дәулетэнерго» ЖШС-ның хабарламасы келіп түсті

Департаментке «Дәулетэнерго» ЖШС-ның хабарламасы келіп түсті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне  «Дәулетэнерго» ЖШС-ның электр энергиясының алдағы уақытта шекті бағаның өсетіні туралы хабарлама келіп түсіп, ондағы жобалық орташа босату бағасы 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 18,40 теңгені құрайды немесе қолданыстағыдан 13,2 пайызға өзгертіліп ұсынылды.

            Өзгертудің негізгі себептері: өндіретін электрстанциялардың электр энергиясы, электр қуатының нарықтағы жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз етуді арттыру қызметі құнының және «КЕГОК» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын беру бағаларының өсуі.