
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 27 қаңтарда Департамент басшысы Ақан Ташпанов, «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» МКК, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің және Қостанай облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасы қатысуымен коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қоғамдық қабылдауға 10 тұтынушы келді, онда әр тұтынушы тиісті түсініктемелер мен негізделген жауаптар алды.
Қоғамдық қабылдау барысында жылумен жабдықтау қызметтеріне қатысты сұрақтар қойылды.