
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерімен көрсетілетін қызметтер саласындағы проблемалық мәселелер бойынша тұтынушыларға қоғамдық қабылдау өткізеді.
Тұтынушылар үшін қабылдау 2020 жылдың 04 ақпанында сағат 11:00-де, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, «Нұр Отан» партиясының әкімшілік ғимаратында, Оразбекова көшесі, 65/52 өткізіледі.
Осыған байланысты, Департамент Ескелді ауданының тұрғындарын және басқада мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Әрбір қатысушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7282) 24-26-80.