«Костанайюжэлектросервис» КМК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

«Костанайюжэлектросервис» КМК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Костанайюжэлектросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметінің шекті бағасын алдағы уақытта көтеру туралы келіп түскен хабарламасы бойынша жария тыңдау өткізеді.

Өтетін күні: 2020 жылғы 30 қаңтар.

Өтетін уақыты: сағат 11:00-де.

Өтетін орны: Арқалық қаласы, Энергетиков көшесі, 1.

Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7142) 54-28-76, 54-11-52.