«Ж Қаскелен» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізіледі

«Ж Қаскелен» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Ж Қаскелен» ЖШС-ның суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтеріне тариф және тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларды өткізеді.

Жария тыңдау 2020 жылдың 3 ақпанында сағат 14:00-де Қарасай ауданының Қаскелен қаласында Карасай батыр көшесі, 56 үй, «Ж Қаскелен» ЖШС-ның ғимаратында өтеді

Жария тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.