Степногорск қаласындағы қоғамдық қабылдау ауа-райының қолайсыздығына байланысты басқа күнге ауысады

Степногорск қаласындағы қоғамдық қабылдау ауа-райының қолайсыздығына байланысты басқа күнге ауысады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті ауа-райының қолайсыздығына байланысты, жылу-, электр-, сумен жабдықтау және ағынды суларды бұру проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын 2020 жылдың 31 қаңтар күніне ауысатынын хабарлайды.

Қоғамдық қабылдау 2020 жылғы  31 қаңтар күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Степногорск қаласы, 1 ш/а, № 80 үй («Нұр Отан» партиясының Степногорск қалалық филиалында) мекенжайы бойынша өтеді.

Қабылдауға Степногорск қаласының тұрғындары  мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады 8 (7162) 50-43-47.