
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 27 қаңтарда тарифтерді қалыптастыру Қағидаларын түсіндіру бойынша куаты аз табиғи монополия субъектілерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Департамент басшысы Гүлмира Өтегенова қатысушыларды табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін реттеудің оңайлатылған тәртібі мен тарифтерді индекстеу тәртібі туралы, тарифтік сметаларды орындау бойынша есептерді уақытылы және сапалы ұсыну бойынша тоқталып өтті және берген сұрақтарға толық жауаптарын берді.