
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Аамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің отырысына қатысты. Отырыста «КазТрансГаз Аймак» АҚ-ның газ тарату станцияларының жүктемесінің артуына байланысты реттелетін қызмет түріне қосылуға техникалық шарт беруді шектеуі және оның шешу жолдары бойынша, сондай-ақ өндірістік тұтынушыларға келісім шарт бойынша тауарлық газға алдын ала төлем ақы талап ету мәселелері қаралды.