Алматы облысында өткен Дөңгелек үстел кезінде өтініш берушінің мәселесі шешілді

Алматы облысында өткен Дөңгелек үстел кезінде өтініш берушінің мәселесі шешілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 27 қаңтарда Б. Абдрасовтың өтінішін қарау барысында, «ТАТЭК» АҚ-ң басқарушы төрағасының орынбасары С. Желдібаевтың қатысуымен электр энергиясын беру және объектіге техникалық шарт беру бойынша дөңгелек үстел кездесуін өткізді.

Дөңгелек үстел кездесудің қорытындысы бойынша, екі жақтың пікірлерін есекере отырып тиісті абонентті үйдің жертөлесі арқылы өтетін электр желілеріне қосылуы шешілді.

Осылайша, өтініштегі жазылған сұрақтар өз шешімін тапты.