«Қордай су» КМК-на уақытша өтемдік тарифтер бекітілді

«Қордай су» КМК-на уақытша өтемдік тарифтер бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы  21 қаңтардағы № 8-НҚ бұйрығымен «Қордай су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының суды таратушы желілер арқылы беру қызмет түрі бойынша тарифтік сметасының шығындары 575,225 мың теңгеге орындалмағаны үшін, қолданыстағы орташа-босату тарифі 81,5 теңге/м3 деңгейінен 80,25 теңге/м3 дейін ҚҚС-сыз немесе 1,5%-ға төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтері бекітілді.

 Уақытша өтемдік тарифтер 2020 жылғы 1 ақпанынан бастап 2021 жылдың 1 ақпан аралығында қолданыста болады.