
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы Қордай ауданы прокуратурасының ұсынуы негізінде «Қордай су» КМК-мен бекітілген тарифтік смета орындалмағаны үшін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, нәтижесінде негізсіз алынған кірістің (түсімнің) 10 пайыз мөлшерінде, яғни 116 560 ( бір жүз он алты мың бес жүз алпыс) теңге көлемінде айыппұл салынды.