
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, «Nur-Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының, «Атамекен» ҚР ҰКП Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізеді. Тұтынушыларды қабылдау 2020 жылғы 4 ақпанда сағат 15-00-ден 18-00-ге дейін Шымкент қаласы, Диваев көшесі,148-ғимараттың 2-қабатында өтеді.
Осыған байланысты, Департамент Шымкент қаласы тұрғындарын және басқада мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша қатысуға шақырады.
Әрбір қатысуға қалаушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7252) 32-15-05.