
2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша «Түркістан Су» МКК, «Жылу» МКК, «Ащысай Су» МКК, «Кентау Сервис» МКК Жылу табиғи монополиялар өкілдерімен бірге тұтынушыларды қоғамдық қабылдау өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен және осы субъектілердің қызметтерін тұтынушылармен бірлесе отырып, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы проблемалық мәселелерді шешу болды.
Өткізілген шараға 27 тұтынушы қатысты.
Қабылдау барысында тұтынушылар Департамент құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша жүгінді. Барлық қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірулер мен жауаптар берілді.