Атыраулық департамент қызметкерлері «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ-ның өкілдерімен кездесті

Атыраулық департамент қызметкерлері «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ-ның өкілдерімен кездесті

2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық  экономика министрлігі  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ –ның өкілінің қатысуымен Департамент қызметкерлері арасында Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілетін  Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізілді.

Талқылау барысында қызмет алушылардың өтініштерін қабылдау тәртібі, мемлекеттік қызметтерді қарау тәртібі, сонымен қатар шешім қабылдау расімдері қаралды.