Суптай ауылында «Бергенбекова А.И.» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Суптай ауылында «Бергенбекова А.И.» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Бергенбекова А.И.» ЖК-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне оңайлатылған тәртіппен тариф және тарифтік сметаны бекіту өтінімін қарау бойынша жария тыңдау 2020 жылғы 23 қаңтарда өткізді.

Жария тыңдауға қызмет тұтынушылары қатысты.

Панфилов ауданындағы Жаскент ауылдық округінің Суптай ауылының  «Бергенбекова А.И.»  ЖК-нің басшысы тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.

Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тарифтің жобасы 130,09 теңге/м3 құрайды,  ҚҚС-пен.

Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.