Қостанай облысындағы коммуналдық қызметтерге тарифтерді ұстап тұру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтті

Қостанай облысындағы коммуналдық қызметтерге тарифтерді ұстап тұру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтті

2020 жылғы 24 қаңтарда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысындағы коммуналдық қызметтерге тарифтерді ұстап тұру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтті.

Спикерлер ретінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы Ақан Ташпанов, мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері сөз сөйледі.
Бүгінгі таңда облыста 173 қызмет көрсететін 90 тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының қызметі реттеледі. 2019 жылы тарифтерді төмендету есебінен экономикалық тиімділік 4,5 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ, бүгінде 2020 жылға бекітілген тарифтер төмендетілді. Қазіргі уақытта жылу, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің тарифтері 2018 жылдың деңгейінде қалып отыр. Тарифтердің төмендеуінен экономикалық тиімділік 1,4 млрд.теңгені құрады.
Алайда, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Бүгін «Қостанай ЭнергоЦентр» ЖШС-нің 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап электрмен жабдықтау бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарламасын қарады. Нәтижесінде жеке тұлғалар үшін орташа жіберу тарифі ҚҚС - сыз кВтс үшін 14,6 теңгені, заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз кВтс үшін 23,3 теңгені құрайды (өсім 9,6%).
Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін "КостанайскийЭнергоЦентр" ЖШС тарифінің болжанатын Жобасы 2018 жылғы деңгейден төмен болып қалады және 2015 жылғы қаңтар деңгейіне оралады.