
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы, Ерболат Дүйсембиев 2020 жылғы 22 қаңтарда табиғи монополиялар субъектілері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында электр қуатымен, сумен және газбен жабдықтау және тарифтерді төмендету туралы сұрақтар қойылды.
Азаматтардың қабылдауында 12 адам қатысты.
Барлық келіп түскен сұрақтар бойынша департамент басшысы Ерболат Дүйсембиев толық жауап берді.
