«Alpha Management Company» ЖШС мен «Euro Housing» ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізілген

«Alpha Management Company» ЖШС мен «Euro Housing» ЖШС-не қатысты тексеріс жүргізілген

Азаматтардың өтініштері негізінде, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент «Alpha Management Company» ЖШС мен «Euro Housing» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді, оның барысында аталған субъектілер табиғи монополияларды тіркеудің жергілікті бөліміне қоспай жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсеткені анықталды.

               Тексерулер нәтижесінде әкімшілік істер қозғалып, табиғи монополияларды тіркеудің жергілікті бөліміне енгізу қажеттілігі туралы ұйғарым берілді.

               Тізілімге енгізілгеннен және өтініш берілгеннен кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент тарифті бекітеді.