Батыс Қазақстан облысында «Жолаушы» МКК-ң өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

Батыс Қазақстан облысында «Жолаушы» МКК-ң өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жаңа объектілері Ақоба, Таловка ауылдарына суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік смета бекіту туралы өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізеді.

Жария тыңдау:

1.  БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында 2020 жылғы 30 қаңтарда, сағат 17-00 де, Мәдениет үйі ғимаратында өткізіледі;

2. БҚО, Жәнібек ауданы, Таловка ауылында 2020 жылғы 31 қаңтарда, сағат 10-00 де, Мәдениет үйі ғимаратында өткізіледі.

Жария тыңдауға маслихат депутаттары, жергілікті басқару, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары және табиғи монополиялар субъектілері, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондары:

1) ҚР ҰЭМ ТМР Комитетінің БҚО бойынша Департаменті - 8 7112 50-55-10;

2) «Жолаушы» МКК – 8 71135 21-949.