Қостанай қаласының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізіледі

Қостанай қаласының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» МКК қатысуымен коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.

Тұтынушыларды қабылдау Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 231 үй (1 қабат, № 106 кабинет) мекенжайы бойынша 2020 жылғы 27 қаңтары күні сағат 09:00-дан 11:00-дейін өтеді.

Осыған байланысты, Департамент Қостанай қаласының тұрғындарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Әрбір қатысуға қалаушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және өзге де саладағы мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.

Анықтама үшін телефоны: 8 (7142) 53-52-40.