Түркістан облысының коммуналдық қызметтер тұтынушыларын қоғамдық қабылдауға шақырады

Түркістан облысының коммуналдық қызметтер тұтынушыларын қоғамдық қабылдауға шақырады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті  «Түркістан Су» МКК, «Жылу» МКК,  «Ащысай Су» МКК, «Кентау Сервис» МКК табиғи монополия субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, көрсетілген субъектілердің қызметін тұтынушыларды жылу-, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру салаларының проблемалық мәселері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Қоғамдық қабылдау 2020 жылғы 24 қаңтар күні сағат 11.00-мен 13.00 аралығында Түркістан қаласы, Сатпаев көшесі, 75 «В» мекенжайында өтеді.

Толық ақпаратты 8 (7253) 34-25-50  телефоны арқылы алуға болады.