Қарағанды облысының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

Қарағанды облысының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізілді

2020 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды  облысы бойынша департаменті «Теплотранзит Караганда» ЖШС, «Караганды Су» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС табиғи монополиялар субъектілерімен (бұдан әрі - ТМС) бірлесіп, Қарағанды қаласында, көрсетілген субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет тұтынушыларына қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалының өкілі қатысты.

         Қабылдауға жүгінген Қарағанды қаласы тұрғындарының сұрақтары судың есепке алу құралдарын пломбалауға, үйге ортақ мұқтаждықтың электр қуатына төлемдеріне, жылу энергиясының есепке алу құралдарын орнатуға қатысты болды. Азаматтарды қабылдауға жүгінгендердің барлық сұрақтарына табиғи монополиялар субъектілерінің мамандары және Департамент басшылығымен нақты түсіндірмелер берілді.