
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 2019 жылғы 29 қазанда «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында белгіленген, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсыну жөніндегі 09.09.2019ж №35 нұсқамасының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне қойылған талабы бойынша азаматтық ісі қаралды. Сотпен талапкер «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның талабы қанағаттандырудан бас тартылды.
Алайда, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен соттың шешіміне апелляциялық шағым берілді. Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі өзгеріссіз, ал «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның шағымы - қанағаттандырусыз қалдырылды.