
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы 1-НҚ бұйрығымен «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Оңтүстікауызсу» филиалының суды таратушы желілері арқылы беру қызметіне ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін – 247,13 теңге мөлшерінде тарифі бекітілді.