
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін, коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.
Тұтынушыларды қабылдау 2020 жылғы 24 қаңтары күні, сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Орал қаласы, Некрасов көшесі 30/1 үй, 2-қабат, №18 кабинетте өтеді.
Осыған байланысты, Департамент Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын және басқада мүдделі тұлғаларды «Тұтынушыларды қабылдауға» қатысуға шақырады.
Әрбір қатысуға қалаушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және өзге де саладағы мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.
Анықтама үшін телефон: 8(7112) 50-81-86.