Шонжа ауылында азаматтар үшін қоғамдық қабылдау өткізіледі

Шонжа ауылында азаматтар үшін қоғамдық қабылдау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, табиғи монополиялар субъектілерімен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселесі бойынша тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді.

Қоғамдық қабылдау 2020 жылғы 23 қантарда сағат 15:00 мен 17:00 аралығында  Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжа ауылында өткізіледі.

Аталған іс-шараның өткізілуі туралы толықтай ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8/7282/ 24-63-61.