Алматы облысында «Бергенбекова А. И.» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізіледі

Алматы облысында «Бергенбекова А. И.» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Бергенбекова А. И.» жеке кәсіпкерінің суды таратушы желілер арқылы беру қызметінің  оңайлатылған тәртіппен тариф және тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізеді.  

Жария тыңдау 2020 жылдың 23 қаңтарында сағат 12:30-да  Панфилов ауданы, Жаскент а/о, Суптай ауылы, Байтұрсынов к-сі 23, орта-мектеп ғимаратында өтеді. 

Жария тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Анақтама телефоны: 8 (7282) 24-28-05.