«AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-ы филиалының өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

«AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-ы филиалының өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

2020 жылғы 17 қаңтарда Ақтау қаласының Достық» мәдениет үйінде «AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-ның баға жобасын талқылау  бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық  экономика министрлігі Табиғи  монополияларды реттеу комитетінің  Маңғыстау облысы  бойынша департаментінің  қатысуымен жария тыңдаулар өткізілді.

Жария тыңдауларды өткізу барысында  «AllianceEnergoSnab-Актау» ЖШС-ның баға жобасы талқыланды.

Жария тыңдау кезінде айтылған ұсыныстар тариф бекіту кезінде ескерілетін болады.

Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік мекемеге тұрғындармен өзара іс-қимыл үшін қолжетімді болуға, қоғаммен және әлеуметтік әріптестермен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.