«АтырауЭнергосату» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өткізілді

«АтырауЭнергосату» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызмет түрі бойынша «АтырауЭнергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр энергиясына бағаның алдағы өсу туралы хабарламасына байланысты 2020 жылдың 17 қаңтарында жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдауда Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Р.Б.Жанғылышов, мемлекеттік органдардың өкілдері, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдары, тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Баға жобасы туралы «АтырауЭнергосату» ЖШС-ң директоры Э.А.Исембергенова баяндама жасады.

Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім 2020 жылдың 29 қаңтарында қабылданатын болады.