Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 17 қаңтарында Жалағаш және Теренөзек кенттерінде «Шиелі Жарығы» ЖШС-ның электр энергиясы шекті бағасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.
«Шиелі Жарығы» ЖШС-ы Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдарья, Қармақшы аудандарындағы тұтынушыларына электр энергиясымен жабдықтау қызметін ұсынады.
«Шиелі Жарығы» ЖШС-ның тұтынушылар үшін электр энергиясымен жабдықтау қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 1кВт/сағатқа 17,22 теңге құрады.
Өзгеруге негізгі себеп болып отырған - ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығыменен бекітілген сатын алынатын электр энергия бағаларының өсуі, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметі құны мен «КЕГОК» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын беру тарифінің өзгеруі.
Жария тыңдауларға, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық Қоғамдық кеңестердің төрағалары, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар қатысты.
Өткізілген жария тыңдауларда айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департаментпен түпкілікті шешімді 2020 жылдың 29 қаңтарында қабылдайды.