Қызылорда облысында мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өтті

2020 жылғы 16 қаңтарда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері Б.Нуралымен және Ә.Амангельдиевпен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша кездесуі өткізілді.

Сонымен қатар, кездесуге ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің және  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері қатысты.

Сеиманрдың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу, этика нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің имиждін қалыптастыру.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты мәселелер мен  мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары қаралды.