Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 16 қаңтарда Жаңақорған кентінде «Шиелі Жарығы» ЖШС-ның Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдарья, Қармақшы аудандарындағы тұтынушыларына электр энергиясы шекті бағасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.
«Шиелі Жарығы» ЖШС-ның тұтынушылар үшін электр энергиясымен жабдықтау қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 1кВт/сағатқа 17,22 теңге құрады.
Жария тыңдауға Жанақорған ауданы әкімінің орынбасары А.Салыбеков, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар қатысты.
Өткізілген жария тыңдауда айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департаментпен түпкілікті шешімді 2020 жылдың 29 қаңтарында қабылдайды.